Тағы да төтенше жағдай: Су тасқыны

Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында орналасқан «Сардоба» су қоймасының дамбасының бұзылуына байланысты 2020 жылдың 1-мамыр күні сағат 16:00 шамасында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше елді мекендерде орналасқан коллекторларға су толған. Өзбекстан Республикасы ТЖМ шұғыл мәліметіне сәйкес, 20:15 шамасында «Сардоба» су қоймасы Қазақстан Республикасы аумағына су ағызуды тоқтатқан.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы әкімдігі шұғыл штаб құрып, тиісті жұмыстарды атқаруда. Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрамы мен Мақтаарал ауданы әкімдігінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңа тұрмыс елді мекені, Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Жеңіс, Нұрлы жол елді мекендеріне су басу қаупі туындап, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуциялау үшін аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан «Мырзакент» мектеп гимназиясында 600 орын, «С.Рахымов» атындағы жалпы орта мектебінде 700 орын, «Пушкин» атындағы жалпы орта мектебінде 400 орын, «Абылайхан» атындағы жалпы орта мектебінде 500 орын дайындалды.

Мақтаарал ауданының әкімі, аудандық төтенше жағдай штабының төрағасы Бақыт Асанов төрағалығымен 02 мамыр күні түнгі 00:00-де штаб мүшелерімен арнайы жиын өтіп, төтенше жағдай жариялауға тапсырма берілді. Қазіргі таңда Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс елді мекенінің тұрғындарын (1922 тұрғын) қауіпсіз жерге жаппай көшіру жүргізілуде.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика