ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»  акциясы аясында Түркістан облысы Келес ауданында алдын ала түзілген жұмыс жоспарына сай аудандық полиция басқармасы қызметкерлерімен және аудан әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысымен бірлесіп, қабылдау күні өткізілді.

Аудандық полиция бөлімінде өткен басқосуда отбасында ер азаматтардан зәбір көрген әйелдердің мұң-мұқтажы тыңдалды. Оларды әлімжеттіктен арашалау жолдары айтылып, зорлық-зомбылыққа душар болған жандарға  құқықтық көмек берілді. Сондай-ақ әйелдеріне қол көтерген еркектердің жауапкершілігін қарау, оларды жазаға тарту бойынша тиісті нұсқамалар берілді. 

Сондай-ақ, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»  акциясы аясында Келес ауданында мұнан өзге де профилактикалық шаралар жүргізілуде. Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі бөлім қызметкерлері, Келес аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторы қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімінің әйелдер мен қыздарды  зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Э.Есенқұлова Абай ауылындағы емханаға келушілерге 200-ге жуық түсіндірме қағазы, үнпарақ пен жадынама таратты.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау бойынша  жұртшылыққа барынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, отбасында зорлық көрген жандарға Жастар ресурстық орталығында көрсетілетін қызметтердің түрлері таныстырылды.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика