2023-02-09

Бозарықта бес қабатты үй салынды

Spread the love

Қаратау ауданына қарасты «Бозарық» шағын ауданында бес қабатты тұрғын үй салынды. Бүгінгі таңда құрылысы бітіп, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына арнайы барып, бұған дейін берілген ескертпелердің түзетілгеніне көз жеткізді.

Мұнда 1,4 шақырым электр желісі, 1,2 шақырым газ, 1,3 шақырым  ауыз су құбырлары, 0,8 шақырым кәріз жүйесі тартылуда. Қазірге дейін барлық жұмыстардың 30% орындалды. Келесі жылы ауыз мен көгілдір отын тарту жұмысы толық аяқталады деген жоспар бар.

Сонымен қатар, 2020 жылы басталған жолдың құрылысы 50%-ға салынып, қалған жартысы келесі жылы толығымен бітеді.

Тексеру барысында мердігер мекеме басшыларына қатаң ескерту берілді. «Жұмыстың сапасы сын көтеретіндей болсын»-  дегенді қайталап айтқан қала әкімі Мұрта Дүйсенбекұлы жауапты басқарма басшыларынан шаһарда салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеуін де талап етті.

Кез келген мемлекетте тұрғын үй мәселесі негізгі мәселелердің бірі болып саналады, себебі, азаматтарының әлеуметтік игілігі олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты. Қазақстан тұрғын үй саласын дамытудың бірыңғай моделін әзірлеуде, оның негізгі қағидаты әсіресе, әлеуметтік әлжуаз топтағы тұрғындар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болмақ. Осы мақсатта елімізде тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін жаңа тұрғын үй бағдарламалары енгізілуде.   

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық табыстың түрлі деңгейіне сай келетін бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуді тапсырды. Үш жыл ішінде кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру мәселесін шешу қажет, ал тұрғын үй сатып алу үшін табысы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға беру жағдайында тұруға мүмкіндік беру қажет.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қаржыландырудың барлық көздері бойынша Қазақстанда тұрғын үй құрылысына 769,8 млрд теңге инвестиция салынды, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңінен 26,3%-ға артық. Жалпы көлемі 6 113,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 107,3% құрайды. Республика бойынша барлығы 52 282 бірлік тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 18 996-сы – жеке тұрғын үй.

Тұрғын үй кезегі жыл сайын 50 мың адамға ұлғаюда, ал әлеуметтік тұрғын үй жыл сайын 20 мың отбасына пайдалануға беріледі. Осыған байланысты, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша азаматтарды олардың мүмкіндіктері мен мәртебесіне қарай тұрғын үймен қамтамасыз етудің градациялық жүйесін енгізу көзделіп отыр. Мысалы, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй табысы жоқ немесе отбасы мүшесіне шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар (29,7 мың теңге) кезекте тұрғандарға берілетін болады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселік шамасынан (59,4 мың теңге) аспайтын табысы бар кезекте тұрғандарға қолжетімді болады.

ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйі отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еседен 3,1 еселік шамасына дейін (92 мың теңге) болатын кезекте тұрғандарға сатылатын болады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен асатын табысы бар азаматтар «ҚИК» ИҰ» АҚ-нан «7-20-25», «Баспана Хит», «Орда», «ҚТҚЖБ» АҚ-нан «Өз үйім бағдарламаларының құралдарын пайдалана алады.

Бұл тәсілдер мемлекеттік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етеді және тұрғын үй құрылысын жоспарлаудың тиімділігін арттырады.

Яндекс.Метрика