
Шымкентте Azala Cotton кәсіпорнының еңбек ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауын іске асыру бойынша кездесу өтті. Еңбек ұжымымен кездесуге қалалық қоғамдық кеңес мүшелері келді. Жүздесу барысында Шымкент қалалық кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрағасы, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеев алдымен сөз алды.

Президент Жолдауындағы еліміздің экономикалық дамуы, жаңа тарифтік саясатқа көшу қажеттігі туралы сөздері, Салық кодексіндегі өзгерістер де өзекті. Кәсіпкерлікті қолдауға, нақты секторды тұрақты несиелендіруге көп көңіл бөлінуде. Өзгерістер медицина мен білімге әсер етті. Жолдаудағы маңызды жайттардың бірі – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі де назардан тыс қалмады, бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайту дер кезінде қабылданған шешім болды. Б.Әлтеев осы мәселелер жөнінде ой қорытты.

