Шағын елді мекендердің барлығы мобильді интернетке қосылады

Қазақстанда жыл соңына дейін 250-ден асатын тұрғыны бар шағын ауылдардың барлығы мобильді интернетке қосылады. Бұл туралы президентпен кездесуі кезінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев айтты деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қ.Тоқаевқа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйені және адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Сонымен қатар Қазақстан Президентіне қалаларды цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: 7kun.kz

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика