Қонаев даңғылын ұзарту жұмысы қалай жүріп жатыр?

Шымкент қаласындағы Асар шағынауданынан 2016 жылы 5 қабатты 30 үй салынған. Өкінішке қарай, бүгінге дейін көпшілігінің қасбеті бұзылып, көркі қашқан. Жергілікті тұрғындар қала әкімі алдында мәселені айтқанда демеушілер есебінен жөндеп беруге уәде берілген болатын.

Қазіргі таңда сол үйлердің іргетасын қалаған «АҚ Ордасы» құрылыс компаниясы кепілдік мерзімінің өтіп кеткеніне қарамай өз қаржысына жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтың аудан тұрғындарымен кездесуі барысында жергілікті халық қала әкімі мен демеуші компанияға алғыс айтты.

«Бір ауыз сөзімізді жерге тастамай, уәдеңізде тұрғаныңыз үшін үлкен рақмет. Жөндеу жұмыстары басталды, өзіңіз де келіп қадағалап жүрсіз. Міне, тұрғындардың барлығы риза. Мердігер компанияның, әкімнің көмегімен үйіміздің сырты өзгеріп жатыр. Дән ризамыз, қала мерекесіне дейін бітіреміз деп мердігер уәде беріп жатыр»,- деді Асар шағынауданының тұрғыны Салтанат Сұлтанмұратова.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы да демеушілік жасап жөндеу жұмыстарын бастаған «АҚ Ордасы» құрылыс комапниясына алғыс білдірді. Бұл халықтың үддесінен шығып, сеніміне ие болу үшін жасалған үлкен қадам екенін ерекше айтып өтті.

Мұнан соң, Мұрат Дүйсенбекұлы «Ескі қалашық» арқылы өтетін Қонаев даңғылын ұзарту құрылысымен танысты. Айта кету қажет, мұнда учаскесі жолға қажет үйлердің дені сүріліп, топырағы алынған, тас төсеу жұмыстары қызу жүруде. Жауапты басқарма өкілі құрылыстың бекітілген кесте бойынша жүріп жатқанын айтады.

«Біз Қонаев даңғылын ұзарту үшін жүріп жатқан бірінші құрылыс учаскесінде тұрмыз. Ұзындығы 580 метр бұл аумаққа бюджеттен 725 миллион қаржы қаралған. Биылға дейін 101 миллион теңге игерілді. Биыл тағы 200 миллион теңге бөлініп отыр. Қалған қаражат алдағы уақытта беріледі. Қазір кәріз жүйесі мен электр бағаналарын, газ жүйесін алу жұмыстарф жасалуда. Мұнан бөлек, бұл жердің топырағы құрылысқа жарамсыз. Сондықтан топырағын алынып, тас төселуде»,- деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Баймендиев.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика