Ауыз су мәселесі 2021 жылы толық шешіледі

Еңбекші ауданындағы 16 тұрғын алаптың 11-де ауыз су мәселесі бар. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтың Бадам-1 тұрғын алабы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды.

Сондықтан, 2020 жылы аудандағы 2 мыңнан астам абонентке су тарту жұмыстарының жобалық сметасы әзірленіп жатыр. Егер құжат биыл дайын болса, келер жылы құрылыс басталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі Ғалымжан Ілиясовтың айтуынша, құрылыс жоспар бойынша жүргізілсе, 2021 жылы Еңбекші ауданында ауыз су мәселесі толықтай шешімін табады.

Бүгінде аудан тұрғындарын сапалы энергиямен қамту 88 пайызды құрайды. Қалғаны жекеменшік жарық жүйесіне қосылған. Мәселені шешу үшін 2020 жылы 5 мыңнан астам абонентке қуат көзін тарту үшін құрылыс жүргізу жоспарланып отыр.

Ауданды көгілдір отынмен қамту жағы да Бозарықтағы газ таратушы бекет (АГРС) құрылысының бітуіне қарай 2020-2021 жылдары шешілмек. Мұнан өзге Еңбекші ауданында биыл 53 шақырым жол салынады деп күтілуде. Нәтижесінде топырақ жолдарға толықтай тас және асфальт төселеді.

«Биыл қалада үлкен жұмыстардың жасалып жатқанын көріп отырсыздар. 2020 жылдан бастап Шымкент қаласында топырақ жол болмайды. Өйткені, асфальт жол көп салынуда. Биыл үлгермеген жолдардың сметасын дайындап, келер жылы бастаймыз. Үш жыл ішінде бәрін асфальттаймыз», — деді қала әкімі.

Айта кету керек, ауданда 2 мектеп, 2 дәрігерлік амбулатория жетіспейді. Бірақ бұл мәселелерді демеушілердің есебінен шешу жағы қарастырылуда.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика