2024-09-20

Қала тазалығы баршаға ортақ

Көктем мезгілінің тазарту жұмыстарына Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданының мекеме-ұжым қызметкерлері белсенді түрде ат салысып жатыр. Әр апта сайын қураған жапырақ пен ағаш бұталарын, басқа да бөгде қоқыстарды жинап, ағаш түптерін әктеп, жол бойын сыпыру мен бордюрлерді бояу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мұның бәрі қала көркі үшін, қала тұрғындарының салауатты өмір салты үшін жасалып жатқанын ұғынғанымыз дұрыс. Ал, жасалып жатқан еңбекті еш етпей, тазалық пен тәртіп сақтауды ауданымыздың әрбір тұрғыны өзінің парызы мен міндеті екенін ұмытпаса игі.

Яндекс.Метрика