ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам және мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы ашып, жүргізіп отырды.

Кеңес отырысында бүгінгі таңда қоғамда кеңінен талқыланып отырған үлкен саяси оқиға – Президентіміздің Референдум өткізу туралы бастамасы талқыланды.

— Қазақстандықтар тарихи таңдаудың қарсаңында Ел алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу — саяси дамудың келесі кезеңі екенін түсіну қажет. Бұл — уақыт талабы. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болады. Соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытқаны баршамызға аян. Ал ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум аса қажет, — деді Ж.Бектаева.

Жиын барысында «Шымкент қаласының Азаматтық альянсы» Президенті Ж.Білісбеков, М.Әуезов атындағы ОҚУ оқытушысы, ф.ғ.к., доцент С.Мәжімбеков, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиал доценты, С.Рысбаева және айтыскер-ақын, «Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің директоры Б.Байтуов сөз алып, еліміздегі маңызды оқиға жайлы пікір білдірді.

Зиялы қауым өкілдері алдағы ақпараттық-насихаттық жұмыстарда белсенділік танытатындарын алға тартып, Мемлекет Басшысының бастамаларын бірауыздан қолдады.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика