2024-07-27

Халал-Тамада

Халал-Тамада

Бұл енді Ресейдің болмаса, шет елдің жаңалығы емес, өзіміздің елімізде ұсынылып отырған қызмет. Жыл басынан бері еліміз бойынша республикалық техникалық реттеу және метрология комитетінің «Халал» сапасындағы сертификатына бір ғана Алматы облысынан 500-ден аса заңды және жеке тұлға ие болған.

Халал қызметтерді саралап отырып бір жаңа қызметтің пайда болғанына көз жеткіздік. Тойшыл халық екеніміз жасырын емес. Бүгінде арақ-шарапсыз той өткізуге бет бұрған қандастарымызда аз емес. Басы солай басталады, соңы түсініксіз қалып қоятын жайттарда аз кездеспейді. Оған бір себеп   асабалардың «алып қояйық, көтеріп қояйықты» айтып қала беретіні. Айтып қалған ауыз… Кейбірі бәрін осылай әзіл-қалжыңмен жуып-шайып жататынына да куә болып қаламыз. Жақсы ма, жаман ба, қызметтің сұранысқа қарай реттелетін заманы, енді халал-тамада таңдайтын жағдайға да жетіппіз. Жақында оңтүстік астанада алғыр кәсіпкерлер қалалықтарға «халал-тамада» атты жаңа қызмет көрсетуді бастады. Айырмашылығына тоқталайық, бұл асабалар келген қонақтардың көңілінен   әдеттегідей тост беріп, әзіл-қалжың, анекдот айтып шығуға тырыспайды, алланың хақ жолын насихаттайды. Сонда оның қандай қуаныш болғаны «арарқ-шарап былай тұрсын, билеуге, ән айтуға болмайды» деген ойға ерік беруге асықпаңыз, мұның да өзіндік тартымдылығы бар болып шықты. Бұл қызметке деген мұсылман қауымның қызығушылығы артып, сұраныс бірден көбейді.

{jcomments on}

Яндекс.Метрика