
Шымкент базары жиі өртенетін өңірге жатады екен. Сондықтан болар, төтеншеліктер айтып келмейтін апаттан қорғану жолын үйретіп, оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуде. Соңғы бес жылда алты рет өртке оранған базары бар. Тізбектейтін болсақ, қызыл жалын «Орталық Қырғы» базарын, «Шымкент-Тұлпар» сауда орнын, «Сайдыгани» мен «Альянс» серіктестіктеріне қарасты базарларды қысып үлгерген.
Мамандар өрттің шығу салдарын саралап та қойған. Жүргізген талдауларының нәтижесі бойынша электр желілерінің жиі тұйықталуынан түтін шыққан. Яғни техникалық пайдалану және монтаждау тәртібінің бұзылуы көп ретте өрттің шығуына себеп болған.

Жаттығу «Автонұр», «Шымкент Тұлпар», «Самал», «Алаш» базарларында өткізіліп, сауда қатарларында электр сымдарының тұйықталуынан орын алған шартты өртті сөндіру тәртібі пысықталды.
Жаттығу кезінде өрт жалыны көрші бутиктерге таралады. Нысанның күзетшілері жедел түрде «101» қызметіне хабарлайды. Өрт-тактикалық оқу-жаттығу орнына №2 шақыру бойынша шығу кестесіне сәйкес бағытталған күштер мен құралдар жөнелтіледі. Алғашқы келген бөлімшелер эвакуациялау жолдарын қорғауға және адамдарды қауіпсіз аймаққа шығару тәртібін пысықтаса, қалған бөлімшелер өрт ошағын іздеп,тауып сөндіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел ден қою іс-қимылдардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.

More Stories
ЖАҢА ИППОДРОМҒА КЕЛІҢІЗ!
Халық-сапалы өмірге лайық!
Нұрлан Әлімбаев, журналист: «Уәде–Құдайдың екінші аты»