ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МЕН МҮШЕЛЕРІ — ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

Елдегі орын алған жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестік әрекеттерден соң «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы жағдайды тұрақтандыру жұмыстарына кірісіп кетті.

Шымкент қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелері тәртіпсіздік кезінде өртенген Партия филиалының ғимаратына өздерінің жеке есептерінен ғимаратты жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Олардың қатарында «Жастарды қолдау» аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы, «Отау строй» ЖШС бас директоры Аслан Алимбек, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, «Білім және ғылым» БПҰ төрайымы Дария Қожамжарова және фракция жетекшісінің орынбасары, «Sairam-Orkeniet» БПҰ төрайымы, Сайрам көмекші-интернат колледжінің директоры Жадыра Таңатарова бар.

Фракция мүшелері, меценат, «SANALI GROUP» ЖШС директорының орынбасары Байкен Әшірбаев пен кәсіпкер-меценат Мұрат Жолдыхожаев Шымкентте тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 200 азаматтан тұратын еріктілер тобын құруға үлестерін қосты. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының мүшелері елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп тұрған еріктілер мен әскери қызметкерлердің ас-суын тасымалдап жатыр.

М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, «Білім және ғылым» БПҰ төрайымы Дария Қожамжарованың және «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрайымы, ОҚМПУ проректоры Баршагүл Исабектің жетекшілігімен ЖОО ұжымдары мен студенттері төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен науқастар үшін қан тапсырды.

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының мүшелері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері мемлекеттік саясатты қолдай отырып, ел бірлігі мен тыныштығын сақтау жолында ұйымдастырылып жатқан жұмыстардың басы-қасынан табылып жүр.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика