
«Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен ҚР Президентінің Жолдауы аясында кездесулер жалғасып жатыр. Бұл жолы «Университеттердің білім беру бағдарламаларында STEM пәндерін ілгерілету» тақырыбында жүздесті. Жиынды ОҚМПУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев жүргізіп отырды.
— STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) — ғылым, технологиялар, инженерия және математика ұғымын білдіреді. STEM негізінде бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде кең таралғаны STEAM және STREM. STEAM-да өнер саласы, STREAM-да робототехника бағыты қосылып тұр. Қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады. Бұл ұғымның маңызы —білім-ғылымды өмірде, өндірісте ұштастыра білумен құнды, — деп атап өтті Қ.Анарбаев.

Ақмарал Ибашева, Физика-математика факультетінің деканы: «STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Мұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Бүгінде физика-математика факультеті ғана емес, бүтін оқу орны бұл салаға ерекше мән беріп отыр. Біз жыл сайын қолымыздағы бар дүниелерді пайдалана отырып, түрлі құрылғылар ойластырып жүрген студенттеріміз үшін көрме ұйымдастырып отырамыз. Технологияның жетістіктерін пайдалана отырып, QR-код негізінде тарихи-танымдық ақпарат беретін орталықты жабдықтап шықтық».
Яғни, тек ғана қоймай, оны мәдениетіміз бен әдебиетімізді дамытып, тарихымызды дәріптеу мақсатында қолдана білуіміз шарт. Жиын соңында студенттер көкейтесті сауалдарын қойып, пікір алмасты.
More Stories
ЖАҢА ИППОДРОМҒА КЕЛІҢІЗ!
Халық-сапалы өмірге лайық!
Нұрлан Әлімбаев, журналист: «Уәде–Құдайдың екінші аты»