КӨЛЕМДІ ЖАЗҒАННЫҢ БӘРІ АНАЛИТИК ЕМЕС

Көлемді жазғанның бәрі аналитик емес


tories/Analitik.jpg» width=»448″ height=»336″ alt=»Analitik» style=»vertical-align: middle;» />

 

«Менің VK-да аккаунтым бар. Енді мен блогермін бе? – деп сұрады менен бірде. Құйтырқы сұраққа менде сол ауанда жауап беріп 1 данамен шығатын газетті газет деуге бола ма, деп сұрадым. Егер 1 данамен шығатын газетті газет деп есептесеңіз онда VK-да ара-тұра ғана жазатын адамды «блогер» деп тануға болады».

 Бұл  «Алғашқы қадамнан танымалдыққа дейін» деп аталатын ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен журналистер мен блогерлерге арналған семинардағы «Мұнара.кз» сайтының бас редакторы Ерлан Оспанның сөзі.

Бас редактор жас журналистерге берген кеңестерінде блогерге ұзақ мерзімге жоспарланған мақсаты болса басынан қателеспеуі керек екенін баса айтып, Танымал,сауатты блогерге айналу жолдарымен интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін таратып түсіндірді.

 «Аналитикалық жанр және салалалық журналистика» тақырыбында сараптамалық мақалалар мен қоғамдық пікірге мониторинг жасаудың әдіс-тәсілдеріне тоқталған саясаттанушы Жарқын Түсіпбек, «Көлемді жазғанның бәрі аналитик емес. «Адам не жесе соған айналады» — деген сөз бар. Сол сияқты журналист  не оқыса соған айналады. Егер журналисте жүйелі ойлау болмаса, ішкі иммунитетінен, өз приципінен айрылады» — деп қорытты дәрісін.

 Тәжірибе бөліскен біліктілер «Оңтүстіктің бұқаралық ақпарат құралдары медиа нарықта өз орындарын айқындай алды, біздің де Сіздерден үйренеріміз көп» дегенді айтты.

Тәжірибе алмасу екі жақ үшін де тиімді болды. Семинарға қатысқан журналистерге іс-шара соңында сертификаттар табысталды.

 

Ә.Әбішқызы 

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика