Көрменің бас жүлдесі ақтөбеліктердің қанжығасында кетті
Осы күні өткен «Ұлттық тарихымызды ұлықтайық» республикалық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі де Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Көрмеге қатысушылар көп, бірақ ішінен кіре берісте саз балшықтан құмыра жасап отырған бала көзге бірден түседі. Кәсібіне деген ерекше ықыласына қызығып әңгімеге тарттық. Аты Нұрасыл екен. Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы.
Нұрмағамбет Нұрасыл 8 «с» сынып оқушысы:
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>— Мен тек қана саз өнері үйірмесіне барамын. Өйткені саздан ыдыс жасай отырып жан сезіміңді білдіре аласың әрі ол ішкі теріс энергияны алады.Таза табиғи қыш ыдыста сүт өнімдерін ұзақ сақтауға болады. Қолым қалт етсе дереу саз балшықпен жұмыс істеймін.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>Зияткерлік мектебінде оқитын балалар салған сурет те ерекшеленіп тұрды. Сыры жасалу технологиясында жатқанын ұқтық, тереңірек білмекке ұмтылып балалардың жанында жүрген ұстаздарымен тілдестік.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>Сабан үйірмесінің жетекшісі Арапбай Сыбанбаев:
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>— Бұл өте төзімділікті талап ететін шығармашылық жұмыс түрі. Біз әуелі кәдімгі сабанды кептіріп, ішін тазалап содан сурет саламыз. Дұрыс айтасыз. Оқушылардың еңбекке жігерін арттыру үшін туындыларын сатылымға шығарып, елдің бағалағаны оларға шабыт береді. Алдағы уақытта осы мәселені қолға алсам деген ойым бар дейді.
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Келесі көзікті қарықтырған ұлттық нақыштағы киімдердің иесі Әбілхан Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің студенттері болып шықты.
Түркістаннан келген Шынар Батырқызының қыз-келіншектерге арналған әшешкей бұйымдары да көптің көңілінен шықты.
Көрмені аралап жүріп уақытысында өзіміздің атадан-балаға мұра болып келе жатқан қолөнерімізден алшақтап қытайдың қызылды-жасылды ғұмыры қысқа бұйымдарына алданып кеткенімізді мойындадық. Шеберлердің дүниесіне қарап ата дәстүрімізбен қайта қауышқандай болдық.
Көрме болған ерекшеленген шебер еңбегінің еленіп, орын берілетіні белгілі.
Бұл жолғы көрмеде жүлделі үшінші орынды Көкшетаудан келген Айман Жүніс пен оралдық Светлана Дүйсебаева және алматылық Мұрат Сайлаубековтер иеленді, екінші орынды ақтөбелік қолөнер шебері Виктория Габдрахманова мен Батырбек Өтеп атындағы өнер мектебі иеленсе, бірінші орынға физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі лайық деп табылды. Бас жүлдені Маңғыстау облысынан келген «ERCAI-EFCA»белгісінің шеберлері қанжығасына байлады.
tom: 0.0001pt; text-align: right;»> «Қызмет-Ақпарат»
tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>
Leave a Reply