
Шымкент қаласының шетінде орналасқан шағынаудандар көп. Олардың әлеуетін көтеру үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті жастарын қанаттандыру мақсатында түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Бұл жолы «Құқықтық сауаттылық, өмірлік маңызды дағдылар және спорттық сайыстар» жобасы аясында жастар арасындағы спорттық турнирдің жабылу салтанаты өтті.


Іс-шараның мақсаты – шалғай елді мекендерде жастарды дене шынықтыру және спортқа тарту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сайыс нәтижесінде волейболдан Асар, кіші футболдан Қайнарбұлақ, шахматтан Асар, теннистен Тоғыс командалары жеңімпаз атанды.
Барлық қатысушылар Алғыс хатқа ие болып, жеңімпаздарға құнды сыйлықтар табыс етілді.