ЖАН АЗЫҒЫ ҮШІН КІТАПХАНА САЛҒАН ОТБАСЫ

Түркістан облысы Келес ауданының Жолбасшы ауылында бала-шағасымен жабылып жүріп өз қаржысына кітапхана салған қарапайым отбасы тұрады. Материалдық құндылықтан гөрі рухани жан азықты артық көретін жанұя ғимарат қана соғып қойған жоқ, қиын-қыстау кезеңде қолда бар кітап қорын да шашау шығармай сақтап қалған. Бүгінде жалғыз Жолбасшы ғана емес төңірегіндегі бірнеше елді мекеннің жұрты сол жерде кітап оқып, жан дүниесін байытып келеді.

Жолбасшыда кітапхана атауы болғанымен оның жеке дара отауы болған емес. Алғашында клубтың бір бұрышын паналады. Одан мектептің тар бөлмесіне жайғасты. Гүлбаланың кітаптарға жаны ашитын. Көшкен сайын жыртылып бүлініп барады. Отбасындағы 5 ұл-қыз жетіліп қалған. Алды студент. Бірді бірге әрең жалға отырса да күйеуі Нұржанмен ақылдаса келіп, тәуекелге бел байлады.

— Ойланбастан көзімді жұмдым да несие алдым. Жолдасым құрылысшы. Құрылыс жұмысына жұмсалатын қаржыны үнемдедік. Тек қана құрылыс материалдарын сатып алдық. Кейбіреулер «Мұнан гөрі өздеріңе шағын болса да тұрғын жай салып алмайсыңдар ма?» дегендер табылды. Оған мойымадық. Өйткені, халық рухани бай болуы керек. Кітап — адам өмірінің өзегі. Не үйренсең де кітаптан табасың, -дейді Гүлбала Сәрсенова.

Ауыл кітапханасының бүгінде 700-дей тұрақты оқырманы бар. Жылына кітап іздеп 9 мыңдай адам келеді. Алақандай ауылдың рухани ордасына айналған кітапханада 7 мыңнан астам кітап қоры бар. Бұл жерден қазақ әдебиеті, тарихы және ғылымның түрлі саласына қатысты еңбектерден бастап, әлемнің классик жазушыларының еңбегін де таба аласыз.

Гүлбаланың мамандығы — тарих пәнінің мұғалімі. Алғашында оқытушы болғаны бар. Кейіннен де басшылар бірнеше мәрте ұстаздық етуге шақырды. Бармады. Мектептегі қоңырау үні қанша еліктіргенімен, кітапхана ісіне деген іңкәрлік барлық қиындықты жеңіп шықты.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика