2023-02-09

Шымкенттік футболшы әйелдер ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды

Spread the love
«Шымкент» әйелдер футбол клубы Республикада ғана емес, әлемдік көшбасшылардың біріне айналып үлгерді.  Қазіргі таңда УЕФА-ның үздік 20 командасының қатарында. Еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алыптарымен жасыл алаңда теңдей ойнады.
Чемпиондар Лигасында үш мәрте 1/8 финалында ойынын көрсетті. Олар әлемдік аренада Қазақстанның атынан Шымкентті танытып, 12 мәрте ел кубогында да топ жарды.
«Шымкент» командасы кезекті рет Қазақстанның үздігі атанып, Қазақстан чемпионатында 11-ші рет жеңімпаз деп танылып, рекорд орнатты.
Шымкенттегі “Қажымұқан” атындағы орталық стадионда шаһар басшысы М.Әйтенов және
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов,  футболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы — «Шымкент» командасын құттықтады.
Шымкенттік футболшы әйелдердің мерейі ұстем болғаны күні,  Қазақстан премьер лигасында “Ордабасы” Қарағандының “Шахтер” командасын өз алаңында қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жетті.
Яндекс.Метрика