Айта кетейік, жаңа типтегі шыны барлық аялдамалар жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады. Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат, елді мекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру.
Жаңа аялдаманың айналасы шыныдан жасалып, жабындысы бұрыңғыға қарағанда көлемді болады. Автобус күтетін орындардың күннен, жауын-шашыннан қорғанысына басымдық берілді дейді мамандар. Жыл соңына дейін қалада жаңа типтегі аялдама орнатылып бітеді. Салаға жауаптылар жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін арақашықтарын да жиілетіп отыр.Талаптар толықтай ескерілді деп тағы қосты.
Шымкент қаласында жол жөндеу жұмыстарымен қатар аялдамалар орнату жұмыстары да атқарылып келеді. Қала бойынша жалпы 1886 аялдама орны бар болса, оның 1444-і павильонмен қамтылған.
Осы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 900 жаңа үлгідегі аялдама қала көшелеріне орнатылады. Өткен жылы 260 аялдама орнатылса, биыл 150 орын жаңа павильонмен қамтылады. Кейінгі жылдары 300 аялдамадан орнатылатын болады. Осылайша жаңа үлгідегі аялдамалар үлесі 83,2 пайызға жетеді.
Шалғай елді мекендердегі 326 орынға орталық көшеден босаған аялдаманы демонтаж жасап, қайта орнату жоспарлануда.
Leave a Reply