2023-02-09

Шымкенттегі әскери бөлімде сарбаздарды шығарып салды

Spread the love

Әскери бөлім 130-дан астам сарбазды үйіне шығарып салды. Сән-салтанатымен сапқа тұрғандар механикаландырылған бригаданың жауынгерлері. Жан-жақты кәсіби дағдыларға ие болған шыныққан сарбаздар үлкен өмірге қадам басты.Оларды құттықтай келген Қарулы Күштердің ардагерлері ақжол тілеп, батасын берді. Ең үздік сарбаздарға алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.

Дастан Мұхамеджанов, бөлім командирі подполковник:  «Сіздер өз міндеттеріңізді адал орындап, батылдық таныттыңыздар, әскери қызметтің барлық ауыртпалықтарын табандылықпен көтердіңіздер. Сіздердің алдарыңызда әртүрлі өмір жолдары мен көптеген қызықты оқиғалар күтуде, сол кезде әскерде алған барлық білімдеріңіз бен дағдыларыңыз сізге тек алға қарай ұмтылуға көмектессін. Дендеріңіз сау болсын».

Салтанатты рәсім, оның қатаңдығы мен ұстамдылығына қарамастан, қатысушылардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Осы бригаданың қатардағы жауынгерлері мен ефрейторлары үшін өмірдегі маңызды кезең өтті – мерзімді қызмет аяқталды.

Қатардағы жауынгер Абылай Еркінбеков алғыс сөз сөйлеп, әрбір офицер мен сержанттың оларды тәрбиелеудегі еңбегін атап өтті. «Кеше ғана әскери өмірге қадам басқан біздер, бүгінде Отан алдындағы борышымызды өтеп үйге қайтқалы тұрмыз. Бір жыл бойымызға тек қана жақсы қасиеттерді сіңіріп, қателік жасаған кезімізде бізді үйретуден жалықпаған сіздерге айтар алғысымыз шексіз!» — деді қатардағы жауынгер Абылай Еркінбеков.

Жауынгерлік дайындықта және қызметтік міндеттерін орындауда ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге жауынгерлік ту жанында суретке түсу құқығы берілді. Салтанатты қоштасу рәсімі бөлімнің жеке құрамының салтанатты шерумен өтуімен аяқталды.

Яндекс.Метрика