БИЫЛ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР САНЫ 5 МЫҢҒА КӨБЕЙЕДІ

2022 жылы қазақстандық ЖОО-ларда оқуға арналған білім гранттарының саны тағы 5 мыңға артады. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің фейсбуктегі парақшасы бөлісті.  Осылайша, гранттардың жалпы саны 61 мыңға дейін жетеді.

Естеріңізде болса, 2021 жылы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мыңға, яғни 51 мыңнан 56 мың грантқа дейін көбейтілген еді. Жаңа гранттар студенттер арасында сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға бөлінетін болады.

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады.Сондай-ақ білім беру гранттарын бөлу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

«Осылайша, Президенттің қолдауының арқасында бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алған қазақстандық мектеп түлектерінің саны артты. Мысалы, өткен жылы бізге 75 мыңнан астам өтінім түсті. Оның ішінде 56 мыңнан астам талапкер грант алды. Биыл гранттар саны 61 мыңға жетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін квоталар санын ұлғайттық. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан талапкерлер грант алу үшін әлдеқайда көп мүмкіндіктерге ие болады», – деп хабарлады Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика