Жер бөлуде кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты өткен онлайн жиын

Бүгінгі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауда. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала әкімі аппараты мен «Shymkent» ӘКК ұжымымен онлайн форматта кездесу өткізді.

Онлайн шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қала әкімінің орынбасары М.Исахов және «Shymkent» ӘКК басшылығы қатысты. Кездесу барысында «Shymkent» ӘКК лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсыныс талқыланды.

 Іс-шарада қылмыстық істің мән-жайын талқылап, жер телімін беру барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беретін бірқатар себептер мен жағдайлар қаралды. Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында нақты ұсыныстар әзірленді.

 Осылайша, жер телімдерін инвесторларға конкурс негізінде ұсынуды, жерді ұсыну барысында нарықтық құнын анықтауды, бағалау жүргізуді және оның есебін бағалау палатасының қорытындысымен және директорлар кеңесімен бекітуді, бағалауды жүргізетін мекемені конкурс негізінде анықтауды және оған тапсырыс беруші ретінде «Shymkent» ӘКК бекіту ұсынылды.  

Сонымен қатар, Департментпен «Shymkent» ӘКК басшылары қатарынан ұсыныста көрсетілген кемшіліктерге жол берілгені үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәсесі көтерілді.

Сондай-ақ, бағынышты қызметкерлердің арасындағы құқықбұзушылықтар үшін бірінші басшылардың жауапкершіліктері туралы заңнаманың нормалары жиынға қатысушыларға жеткізілді.  «Shymkent» ӘКК қызметін жүзеге асырудағы ашықтық пен парасаттылық принциптері түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика