«БАДАМ» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Республика көлемінде экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты — экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдері және бір топ еріктілермен бірлескен рейдтік іс-шара барысында «Бадам» су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартты.

Тәртіп сақшылары азаматтарға рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастамау туралы ескертеді және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауға шақырады.Шара аясында балық аулау ережелерін бұзбау туралы ескертіп, азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Айта өтейік, 26 шілдеде басталған жедел алдын алу шарасы барысында Шымкент қаласының аумағында барлығы 412 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Осы бағыттағы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу жұмыстары әліде жалғасады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика