ШЫМКЕНТТІҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫНДА 6 ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бұл  геопарталды «КазГиса» мекемесінің өндірістік бойынша директоры Ақтілек Нұрғазинов жасақтап шыққан. ҚР Президентінің Жолдауын және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әзірленіп жатқан геоақпараттық жүйесінің жұмысы аяқталуға таяп қалды. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтер мен сервистер, жылжымайтын мүліктердің бірыңғай кадастры порталмен байланыстырылған.
Геопорталда 16 мемлекеттік қызмет қаралған болса, бүгінде оның 6-ы іске қосылған. «Оpenmap.geo-shym.kz» деп аталатын ақпараттық жүйеге картографиялық қызметті әзірлеу (ашық және кезекші карта), аэрофототүсірілім жүргізу, ортофотожоспар, жерді пайдаланудың бұзылуына мониторинг жүргізу, векторлық карта-схеманы құру және қаладағы нысандардың электронды төлқұжаттары енгізіліпті. Бұл қызметтер тұрғындардың қолдануына оңтайлы етіп жасалған.
–Аймақтық ақпараттық жүйеге осы жылдың қазан айына дейін қала тұрғындары мен заңды тұлғалардан 300 ұсыныс келіп түсті. Бүгінге дейін оның 183-і порталға енгізілді. Қалған ұсыныстар қаралу үстінде, – деді Ақтілек Бекболатұлы.
Айта кетсек, ақпараттық портал арқылы қала тұрғындары қажетті мекенжайлар мен жер телімдерін, қаланың Бас жоспарындағы мәліметтерді біле алады. Жобаны толығымен пайдалануға беру мерзімі жыл соңына дейін жоспарланып отыр.

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика