ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ТҰҒЫРЛЫ МЕРЕКЕНІ ТОЙЛАДЫ

Ұлттық мереке- Республика күнін Қаратау ауданының тұрғындары да атап өтті. Көңілді күймен тойлап, мерекелік іс-шара өткізді.  Мерекеге орай ұйымдастырылған іс- шара барысында аудан әкімі Рақымберді Мулкеманов тұрғындарды Ұлттық мерекемен құттықтап, айтулы күннің маңыздылығына тоқталды.
–Республика күні – елдің мемлекет кұру жолындағы тарихи қадамының символы. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күні ұлттық мереке мәртебесі қайтарылып, айтулы датаны баршамыз қуана тойлап жатырмыз. Ал, Тәуелсіздік күнінің алғашқы мәні сақталып, мемлекеттік мереке болып қала бермек. Құрметті аудан тұрғындары, сіздерді еліміздің бостандық алған күні – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!- деді Рақымберді Жанысбекұлы.
Мерекелік жиынға қатысқан ауданның экономикалық дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан бір қатар азаматтарға Алғыс хат табысталды. Соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ән мен жырдан шашу шашылды.
Биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.
«Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар! Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз. Біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады. Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір»-деді Президент .

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика