Жалпы, Шымкент қаласында ел бірлігін арттыру, Шымкентімізді риясыз достық мекеніне айналдыру бағытында қаламызда әрекет ететін ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар мен 17 этномәдени бірлестік мүшелері аянбай еңбек етіп келеді.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері қайырымды істер жасауда алда келеді. Қазіргі таңда, қайырымдылық бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының бір бағыты болып қалыптасты. Бұған дәлел ретінде кеше Қостанай облысындағы өрт салдарынан туындаған жағдайға байланысты Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері тарапынан 2 265 000 теңгеге гуманитарлық көмегі көрсетілсе, жалпы жыл басынан бері ҚХА тарапынан 8,7 млн.теңге қайырымдылық үйлестірілді.
Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблея мүшелерінің қатысумен түрлі қайырымдылық шаралары, көп балалы аналар мен жалғыз басты аналарды, мүмкіндігі шектеулі балаларды өмірге икемдеу, көмек көрсету сияқты игі істер жалғасын табуда.