КЕНТАУДЫҢ «КӨКТӨБЕСІНЕ» ТУ ОРНАТЫЛДЫ

Кентау қаласында «Рәміздер алаңының» құрылысы жүріп жатыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде қолға алынған игі іс келер жылдың наурыз айында аяқталады. 25 метрді құрайтын Ту Кентаудың «Көктөбесіне» орнатылды. Рәміздер алаңы қала әкімі Даурен Махажановтың бастамасымен жергілікті тұрғындар «Көктөбе» деп атап кеткен жерге орналастырылды.

«Бұл аймақты жергілікті тұрғындар мен қонақтар келіп тамашалайтын мекенге айналдырамыз деген жоспар бар. Кәсіпкерлік нысанда аукцион арқылы жер беріледі. Мейрамхана, қонақ үй секілді халыққа қызмет ететін нысандар бой көтереді деп күтілуде. Кентау қаласын төбеден көріп, тамашалауға өте қолайлы жер»-дейді қала әкімінің орынбасары Қ.Искаков.

Аукцион арқылы түскен қаржыға «Рәміздер алаңының» маңайына жарықшамдар мен орындықтар қойылып, көлік қоятын бекеттер әзірленіп, абаттандырылмақ. Кез келген жанға Кентауды төбесінен көріп, биіктікте отырып сергіп алуға қолайлы жағдайлар жасалмақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика