ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР ТЫҢДАЛДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы, Ташқараев Ғани Абдуғаниұлы «Оңтүстік Жарық Транзит» ұжымымен кездесті.

Кездесуге Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Наргиза Керимбаева, «Nu Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арай Есенбек қатысты.

Аталмыш кездесуде мекеме басшысы Имашев Мұрат Жұмашұлы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС «Оңтүстік Жарық» ЖШС серіктестігі қатысушысының 2005 жылғы 08 шілдедегі шешімі негізінде құрылғаны жөнінде таныстырды. Және өздерінің электр энергиясын беру жөніндегі қызмет түрімен технологиялық байланысты өзге де қызмет түрлерін атқаратындығын жеткізді.

Сонымен қатар, жиын барысында тариф бағамы, тариф жүйесі қалай есептелуі, шалғай елді мекенде жарықтың берілуі, қала көлемінде күндігінде жарықтың берілуі, жарық күшінің жеткіліктілігі туралы бірқатар сұрақ- ұсыныстар айтылды. ҚР Парламент мәжіліс депутаттары халықтың игілігі үшін жарық уақытылы,сапалы, қолайлы тариф бағамы болуы керектігі туралы айтты.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика