ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫ МЕН КОНТЕЙНЕРЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Қала басшысының тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан тозығы жеткен қоқыс контейнерлері мен қоқыс алаңшаларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда 375 қоқыс контейнері және 30 қоқыс алаңшасы жаңартылуда.
Ауданға қарасты 554 көп қабатты үй 176 аулаға біріктірілген. Аталған аулаларда 96 қоқыс алаңшасы және 420 қоқыс контейнерлері бар.
Жалпы аудан әкімдігі тарапынан бүгінге дейін полиция қызметкерлерімен бірлесе белгіленбеген орындарға қоқыс тастау бойынша рейдтік шара ұйымдастырып, айыппұл хаттамалары толтырылды.
Ауданда тұрмыстық қалдықтар кесте бойынша тәулігіне 1 рет, халық тығыз шоғырланған аймақтарда 2 реттен тазартылуда. Сонымен қатар тұрақты тазалықты қамтамасыз ету мақсатында жиі сенбіліктер ұйымдастырылып, оған тұрғындар мен арнайы тазалық техникалары жұмылдырылып келеді.
Ал Абай ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасы бар.
Абай ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасы бар. Осы алаңшаларға 485 контейнер қойылған. Ағымдағы жылы тозығы жеткен қоқыс контейнерлерін ауыстыру мақсатында қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, контейнер сатып алынып, ауыстырылды.

Абай ауданы әкімі жаңадан алынған а контейнердің сапасын тексеріп, қабылдау бойынша тиісті шаралар жүргізуді тапсырды. Қазіргі таңда тозығы жеткен контейнерлерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен «Спецавтотранспорт» ЖШС-і айналысады. Яғни қоқыс көлігі келем дегенше, қап-қапқа жинап қояды.  Ауданда тазалық мәселесі шешімін тапқан. Тұрғындар қатты қалдықты сорттап та төгеді.Әбден еті үйренген. 

Айта кетсек, мердігер мекеме көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлерді аптасына 1 рет тазалап, алып отырады.

 

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика