“ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ” ЖОБАСЫ НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында, Шымкент қаласы, «18» шағын аудандағы №21 және 25 көпқабатты үй аулаларында 2 кешенді балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
Ашылу салтанатына үй тұрғындары, Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Жайшибеков, «Amanat» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Г.Жартыбекова және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Тұрғындардың ұсынысымен 2021 жылдан бастап абаттандыру, ойын алаңшаларын салу жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылып келеді.
Ауданда биылғы жылы жоба аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артып, 73 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 6 – кешенді балалар ойын алаңшаларын құру жоспарланған. Оның ішінде І-кезең бойынша 52 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, жеке секторда 6-балалар ойын алаңшасы құрылды. ​Қазіргі уақытта ІІ-кезең бойынша 21 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын құру жұмыстары жүргізілуде.
«18» шағын ауданда да орналасқан 56 көпқабатты үйдің аулалары 2011-2013жж. кезең-кезеңмен толық абаттандырылған болатын. Алайда уақыт өте келе, бірқатар балалар ойын алаңдарының тозығы жеткен. ​​Шағын ауданда 2020 жылдан бастап алаңқайлар жаңартылып, заманауи ойын алаңдары құрыла бастады.
Нәтижесінде 2020 жылы 10 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылса, 2021 жылы тұрғындардың ұсыныстары бойынша 5 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары құрылды, ал ағымдағы 16 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылуда, одан бөлек 3 ашық спорт алаңшасы қайта құрылды.
Қалған 25 көпқабатты үйдің ауласын 2025 жылға дейін қайта жаңғыртып, заманауи балалар ойын алаңшаларын құру жоспарда бар.
Жалпы ауданда 651 көпқабатты үй 435 аулаға біріктірілген. 2011-2020 жылдар аралығында аулаларды абаттандыру жұмысы кезегімен атқарылып келген еді. 2021 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы енгізілгеннен кейін, тұрғындардың ұсынысы аудан әкімдігінен қолдау тауып, аулаларды реттеу құрылысы қарқын алған. Биылдың өзінде абаттандыру жұмысы 2 кезең аясында жүзеге асырылып жатыр. Алғашқы кезеңде 52 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, елді мекендердегі 6 жерге балалар ойын алаңшасы салынған. Қазір ІІ-кезеңдегі 21 көпқабатты үйдің ауласы жаңартылып жатыр.
Ал, 2023 жылы 20 көпқабатты үйдің ауласын қайта жаңғырту және балалар ойын алаңшасын орнатуға сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінімге ұсынылған. Одан бөлек, 138 жобаға жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша тұрғындар өз ұсынысын жеткізу арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына атсаласып отыр. Бұқаралық спортты дамыту бағытында да тындырымды тірлік бар. Биыл аудан аумағына 4 спорт алаңының құрылысы мен қолданыстағы 5 спорт алаңшасына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Аудан әкімдігінің дерегінше, осы алаңдар қараша айының соңына дейін толық пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асыру мақсатында кез-келген қала тұрғыны қала аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады. 2021 жылы аулаларды абаттандыру және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 млрд. теңге қаралды. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика