Президенттің бастамасы жүзеге асты

Шымкент қаласында тұрғындарға 20 мың бетперде тегін таратылды. Игі іске үлесін қосқан «Mega Pharma»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Таратылған барлық бетперде аталмыш серіктестік өнімдері. Сонымен бірге, 600 дана аскорбинді қышқыл дәрумендер де жұртшылыққа ұсынылды.

Бұл игі істің басында Шымкент қаласының Отбасы,  балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев жүрді. Негізінен өнімдерді таратушы осы Жандос Төлембекұлы бастаған ерікті жастар екенін айта кеткен абзал.  Еріктілер Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың:  «Қалаларымыздың негізгі көшелерінде бетперделер азаматтарға тегін таратылуы тиіс»  деген сөзін негізге алған. Ерікті жастар көшедегі жаяу жүргіншілерге және сол маңдағы сауда нүктелеріне кіріп тұтынушыларға бетперделер мен аскорбинді тегін ұсынып қуантты. Әр адамға ұсынылған пакетте 5 дана бетпердеден бар.

Жандос Төлембекұлы бастаған жастар қайырымды шараны қаладағы төрт ауданда да жүзеге асырды.

Игі істі Еңбекші ауданындағы «Север» дүкені маңында бастаған еріктілер одан әрі  Әл-Фараби ауданындағы «Арбат» сейіл көшесі мен Абай ауданындағы «Жаңа шаһар» сауда орталығы алдында, Қаратау ауданындағы Қайнарбұлақ, Сайрам елді мекендерінде жалғастырды.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика