2024-09-20

«Оңайдан» оңай «Төлем»

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында қоғамдық көліктерде  «ТӨЛЕМ» электронды төлемақы жүйесін енгізу  жайында қала әкімінің  орынбасары М.Исаховтың қатысуымен брифинг өтті.  Жоба «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен іске аспақ.

Инвестицияның жалпы көлемі 1,2 млрд. теңгені құрап отыр.  Қоғамдық көліктерді электронды билеттендірудің мақсаты — қоғамдық көліктің жағдайын жақсарту, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Жол карточкасының бағасы 500 теңге.  Төлем карточкасының төрт түрі: стандартты (яғни, жалпы пайдалануға арналған), тегін тариф, оқушы картасы, студент картасы дейтін түрлері қарастырылған.  Электронды төлемсіз, қолма-қол жол ақысын   төлеу тарифі  (100тг)  қымбат болуы мүмкін.  Егер, жол ақысын төлемей, ереже бұзылса  2 мрп  (5000) айыппұл салынады.                                              

Алматылық «Оңайдан» оңай «Төлеммен» төлем жасаудың артықшылығы:

  • Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлеріне, Алтын құрсақ аналар, алтын, күміс алқа төс белгі иелері мен мүгедектерге  көлік картасы тегін таратылады, жол жүру тегін болмақ;
  • Бір сағатта  екі маршрутқа отыру тегін болады;
  • Электронды төлемақының жарамдылық мерзімі жоқ;
  • 7 жасқа дейінгі балалар тегін, 15 жасқа дейінгі оқушыларға 35 тенге, студенттердің жол ақысы 50 теңге болады;
  • Шымкент қаласына тіркелмеген оқушылар мен студенттер жеңілдігі бар картаны қолдана алмайды, яғни, жалпыға ортақ стандартты картамен төлем жасайды.

Жоспарға сәйкес, 30 қыркүйекке дейін  автобустарға валидаторлар толығымен орнатылады, ал жол карточкасын 1 қазаннан бастап сатып алуға болады. Ал, жүйені іске қосу 2020 жылдың 15 қазан күнге жоспарланып отыр.  Карточканы сатып алған әрбір тұрғын Шымкент қаласының модернизациялануына өз үлесін қосады.

                                                                                                 Ақбөпе ЕРГЕШ

Яндекс.Метрика