2022-11-30

Төрт мектептің автокөлігі бар

Spread the love

Шымкентте  төрт мектептің белсенді оқушылары спорт ойындарына қатысып,  мектептеріне автокөлік сыйлады. Еліміздегі жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі  де осы жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етіп, олардың салауатты өмiр салтын қалыптастыруына жағдай жасау болып табылады.

Осы орайда ұлт салауаттылығы деген ұғымды кеңейтіп түсіндіре кетейік. Ұлт салауаттылығы – бұл біріншіден қоғамдық құндылық. Ал, салауатты өмір салты – жалпы ұлт денсаулығының негізі болып табылады. Мемлекеттің жарқын болашағы сол елде тұратын әрбір адамның денсаулығына байланысты. Осы тұрғыдан келгенде салауатты өмір салтын жасөспірімдер мен жастар арасында қалыптастыру өте маңызды.

Қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыруда салауаттылыққа жатады.

«Шымкент жастар лигасы» осындай құндылықтарды насихаттап қана қоймай бала бойына сіңірудің ең тиімді тәсілдерінің бірі болып отыр.

Қаладағы жалпы орта білім беру мекемелері арасында өтетін ойындардың  үшінші маусымы ашылды. Бұл жолы іс-шараға 6 мыңға жуық спортшы, яғни 138 мектептен 514 команда қатысып, футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан бақ сынамаққа бекініп отыр.

ІІІ маусымның ашылуы әдетегідей салатанатты жағдайда өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жиынаға қала басшыларымен қатар, жүлделер тағайындап отырған“Энергоорталық-3” АҚ бизнес-серіктесі Ш. Нуртаева мен корпорация менеджері Ш.Нысамбекова, сондай-ақ қоғам белсенділері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Шымкент жастар лигасы — республика бойынша үздік жоба атанып, кең қолдауға ие болды.  Бұл жоба жастарды патриот, отансүйгіш, елжанды етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді. Спорт денсаулықтың ғана кепілі емес, ол адамды табандылық пен күрескерлікке баули отырып, ерік-жігерін шыңдай түседі.

 

Кезекті маусымның салтанатты  ашылуында ІІ маусымның жүлдегер мектептері ерекше құрметке ие болып,  таңдалған спорт түрлерінен жеңімпаз атанған 4 командаға су жаңа автокөліктің кілттері табысталды.

Былтырғы додада шахматтан өткен ойынға 4 ауданнан 130 команда, 520 оқушы қатысқан болатын. Бас жүлдені Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі еншіледі.

Ал, баскетболдан өткен жарысқа 122 командада барлығы 1464 оқушы бағын сынап, М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп – гимназиясы жүлдегер атанды.

Волейболдан ойындарының жеңімпазы  Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі. Жалпы ойынға 129 команда қатысты.

Футболдан 133 құрама команда ішінде Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы топ жарған  болатын.

«Қызмет – АҚПАРАТ»

Яндекс.Метрика