Келес ауданында Түркістан облысындағы соғыс ардагерлері ұйымдарының төрағалары және ауған соғысы, таулы Карабақ және тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыс ардагерлерінің І конференциясы өтті.
Конференцияға ҚР Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов, одақтың Шымкент қалалық филиалы төрағасы Ғалым Майханов, Түркістан облысындағы Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері ұйымдарының төрағалары және ауған соғысы, таулы Карабақ және тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыс ардагерлері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның бірі ҚР Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасын сайлау және үйлестіру кеңесін құру және үйлестіру кеңесінің төрағасын сайлау ұсынылды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ҚР Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов сөз алып аталған қоғамдық ұйымның төрағалығына ауған соғысының ардагері Ахмет Жұмабековтің кандидатурасын ұсынды.
Конференцияға қатысушылар оның оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ауған соғысының ардагері Қайрат Оразбековтің үйлестіру кеңесін құруды және оған төраға етіп, Ахмет Жұмабековты төраға етіп сайлау туралы ұсынысын конференция қатысушылары бірауыздан қолдап, конференция қаулысын қабылдады.