Бүгін шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалада құрылысы қарқынмен жүргізіліп жатқан А-2 айналма тас жолына барып, жұмыс барысын тексерді.
Қазіргі таңда А-2 айналма жолының ІІ және IV кезеңінің құрылысы жүргізілуде. ІІ кезең – Ынтымақ ш/а Темірлан тас жолына дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,48 шқ, ені 80 метр. 4 жолақты жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, аяқ жол, жарық шамдар қою көзделген. Жер жұмыстары аяқталуға жақын, 76%-ы орындалды.
Қазіргі уақытта мемлекет мұқтаждығына жер телімдері қайтарылуда. Сондай-ақ Барыс базарына барар жолда сақиналы жолайрықтың жол негізі жасалынып, жұмысшылар аяқжол тастарын қалауда.
IV кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Жалпы ұзындығы 1,86 шқ құрайды, ені 35,5 метр. 6 жолақты жолдың екі жағынан да су ағатын арықтар, жасыл аймақ, аяқжол салу көзделген. Құрылыс жұмыстары 55%-ға орындалды, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Қала әкімі сала басшылары мен мердігер мекемеге жолдардың сапалы және құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Шымкент қаласында 2022 жылы 352 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді. Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді. Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған.
Қайта құру жұмыстарынан ағымдағы жылы А-2 II кезеңді аяқтау жоспарланған, 4 нысан 2023 жылға өтпелі. Күрделі жөндеу бойынша биыл 3 нысанды аяқтау жоспарлануда. 2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысанда жөндеу жұмыстар аяқталды.
Leave a Reply