Қосымша шектеу шаралары енгізіледі

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қала тұрғындарына Үндеу жариялады. Үндеуде Шымкент қаласында 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілетіні туралы хабарланды.

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде. Бүкіл әлемде вирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты. Індеттен қаза тапқандар саны әлемде 34 мың адамға жақындады. Қазақстанда да 294 адам қауіпті дертті жұқтырды. Шымкент қаласында 2 адам тіркеліп, бір елді мекен карантинге жабылды. Республиканың өзге аймақтарына Шымкент арқылы өтетін транзитті жолаушылар көп. Олардың саны тәулігіне шамамен 200 мың адам. бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырып отыр.

Сол себепті, Шымкент қаласында 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

БІРІНШІДЕН, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі.

ЕКІНШІДЕН, адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперделік режим енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті.

Құрметті шымкенттіктер!

Бұл шаралардың барлығы адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қабылданды. Аса қажеттілік болған жағдайда бетперде киіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға тиіспіз. Қала әкімдігі індеттің таралуының алдын алу үшін барлық шараларды қабылдап жатыр. Алайда, бұл – жеткіліксіз. Бүгінгі қиындықтарды әрбір азамат қауіпсіздік талаптарын саналы түрде орындаған жағдайда ғана жеңе аламыз.

Баршаңызды түсіністік танытуға шақырамын!

М.Әйтенов

Шымкент қаласының әкімі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика