«ТӨЛЕМДІ» ІСКЕ ҚОСУ 9-ҚАРАШАҒА ҚАЛДЫ

Шымкентте қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру бойынша «Төлем» жүйесі енгізілген болатын. Кеше жүйенің даму бағытын бақылау мақсатында қала әкімі М.Әйтенов сала мамандарымен жиын өткізіп, бүгінге дейінгі атқарылған жұмыс барысының есебін тыңдады.

Бүгінде «Tolem» электронды билеттендіру жүйесінің валидаторларын қосу бойынша жұмыстар аяқталып, Шымкент қаласының тұрғындарына карточкаларды тарату бойынша процесті жалғастыруда.

Тұрғындардың тіркеу және сатып алу, пайдалану бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіліп, күніне 150-ден астам қоңырауға жауап беретін Саll-орталығы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 31000-нан астам карта сатылып, 65000 данадан астам жолаушыдан транзакцияланған.

Сонымен қатар, жеңілдікпен жүруге мүмкіндігі қарастырылған «Ұлы Отан соғысы» ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгі иелеріне және І — топтағы көру қабілеті нашар жандарға көлік карталарын тіркеу үшін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы мен қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында базаға енгізілуде.

Дегенмен, қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмайтынын жеткізіп, тұрғындарға қолжетімділігі үшін, «Төлем» жүйесінің карталарының толық таратылмауына байланысты 1 қарашадан бастап тарифтің әртараптандырылуын 9 қарашаға дейін созуды тапсырды.

Айта кетсек, қала тұрғындарын ертеңге қалдырмай, ертерек #ТӨЛЕМ картасын пайдалануға шақырамыз. Сұрақтар, ұсыныстар болса, Call-орталыққа хабарлассаңыздар болады, номері — 87758112222.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика