«ҚАСІРЕТ» МЕМОРИАЛ КЕШЕНІ КӨГАЛДАНА ТҮСЕДІ

Шымкент қаласындағы Қайтпас-1 шағын ауданында орналасқан «Қасірет» мемориалды шатқалын абаттандыру жұмысы қолға алынды. 13,6 гектар аумақты кезең-кезеңмен көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Одан өзге, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, қаладағы 8 саябақ пен 38 гүлзарды күтіп ұстау жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкент жасыл қала» ЖШС-і жүргізген. Бұл жұмыстардан бөлек биыл 5 гүлзар, атап айтқанда Қонаев-Ғ.Иляеев көш., Қонаев-Түркістан көш., Байтұрсынов ескерткіші, 8 ш/а аллея, Ипподром аумағы көгалдандырылған. Ал, 4 гүлзарда («Чернобыль», «Шәмші әлемі», «Әл-Фараби алаңы» және «Балалар темір жолы станциясы») қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, қаладағы 22 фонтан мен 33 скважинаны күтіп ұстау жұмыстарына қаржы қаралып, жұмыстар кестеге сай атқарылуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика