Бақытсыз адамдардың әдеттері

tom: 7.5pt;»>tories/01/imagescadph856.jpg» width=»298″ height=»192″ />Өмірдің бар тәттісін алып, бақытты болғыңыз келеді, бірақ ылғи жолыңызда қиындықтар туындайды ма? Мүмкін мәселе сізде болар? Бақытсыз адамның әдеттерімен танысып, өз бойыңыздағы ондай қасиеттерден арылыңыз.

Олар сәттілікке сенбейді. Қандай да бір істің сәтті болуы көбіне өзімізге байланысты. Шаруаның соңын жақсыға жорысаңыз, өзіңізді соған қарай итермелейсіз. Нәтижесінде бәрі ойдағыдай шығады. Ал өз күшіңізге сенбей, қорқып, бұл іске тіпті кіріспеуге сылтаулар іздесеңіз, істің сәтті аяқталуы екіталай болмақ.

Жауапкершілік артқысы келмейді. Олар өз бақытсыздығына ата-анасын, достарын, жарын, бастығын, әріптестерін, тіпті ел үкіметін айыптайды. Шын мәнінде олар өз істеріне жауапкершілігін алудан қорқады. Өз істеріне өздері ғана жауапты жандар болашақта келетін әр сәттілік пен сәтсіздікті өткере алатынын есте сақтап жүріңіз.

Тілдері ащы. Олардың ең көп айтатын сөздерінің арасында — «сұмдық», «масқара», «менің шаруам емес», «жынды» сынды дөрекі сөздер бар. Осы сөздерді лексиконыңыздан алып
тастаңыз, өмірдің жеңілдеп қалғанын бірден сезесіз.

Жеңіліп үйренген. Сәтсіз адамдар жеңіліп үйренген, сол себепт мақсаттарына жете алмайды, жоспарларын жиі ауыстырады, армандары тұрақсыз. Сәтті кісілер керісінше — тұрақты және қайсар.

Лоторея ұтыстарын қалдырмайды. Олар бір сәтте-ақ бай, танымал болғанды қалайды. Бұл үшін уақыт пен күш құртқысы келмейді.

Біреудің мақтауын күтеді. Сәтті адамдар өз армандарын, мақсаттарын орындауда
сәттілікке жетеді. Ал жолы болмайтындар біреудің жақсы сөзін, мақтау, мадақтауын күтеді.

Өмірінің басты мақсаттарын, мәнін ұғынбайды. Әрине, бұл екінің бірінде бар қасиет емес. Көбіміз бұл өмірден не қалайтынымызды, оның мәнін терең түсіне бермейміз. Бірақ өзіңіздің неге, қайда ұмтылғаныңызды нақты біліп жүрсеңіз, істеріңіз де орындала бастайды.

Осындай қасиеттер бойыңызда бар ма? Бар болған жағдайда, олардан арылайық!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: massaget.kz

{jcomments on}

 

 

Related Posts

Ұлттық құндылықтарды қалай дәріптейміз: қоғам немесе ата-ана?

ТӘРБИЕ «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең ұлыңды тәрбиеле» деген екен ежелгі философ Платон. Сол айтқандай, қазіргі қоғам алдында тұрған ең басты міндет – ұлттық болмысымызды сақтап қалатын…

Қазақстанда ақылы түрде киік аулауға рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда киік санын реттеу мәселесі қазан айында шешіледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.    «Бұл мәселе бойынша әлі…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика