2024-07-27

Қазақстанда туристік агенттік ашу үшін не істеу керек?

1. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Өйткені ол заңды тұлға емес.
2. Филиал немесе өкілдікті ашқысы келген азамат есепке тіркелуі үшін ең алдымен жеке куәлігі мен филиал құжаттарын рәсімдеуге берілген сенімхатын көрсетуі қажет. Мұнан соң одан төменедегі құжаттар талап етіледі.
— Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекіткен үлгідегі өтініш. Өтінішке филиал немесе өкілдік ашатын заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
-филиалды ашу туралы заңды тұлғаның мөрмен бектілген шешімі
-қазақ және орыс тілдерінде жазылған филиалдың жалпы ережесі. Жалпы ереженің әр тілдегі нұсқасынан үш дана болуы шарт.
-филиал басшысына заңды тұлғаның тарапынан берілген сенімхат
-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу және филиал немесе өкілдіктің есепке алу төлемақысын төлегенін растайтын құжат.
-филиал немесе өкілдіктің мекен-жайын растайтын құжат.
-басшының жеке басын куәландыратын құжаттарының және салық төлеуші куәлігінің көшірмелері
-шетелдік заңды тұлға өз өкілдігін ашқан жағдайда сауда реестрінен алынған жекешелендіру анықтамасы талап етіледі.
-өз өкілдігін ашқысы келген шетелдік заңды тұлғаның құжаттары қазақ және орыс тілдеріне аударылып, нотариалды түрде куәландырылады.
3. Турситік қызмет көрсету Қазақстанда туристік оператор және туристік агентік қызметі болып екіге бөлінеді.
Туроператорлық қызметті атқаруға қажетті линцензияны алу кезінде талап етілетін құжаттар.-бекітілген үлгідегі өтініш.
-лицензия алымдарын төлегенін растайтын анықтама.
-жарғының нотариалды түрде куәландырылған нұсқасы, заңды тұлғаның тіреуге алынғаны турлы куәлігі және статистикалық картасы.
-кеңсенің жекеменшікте екенін немесе жалға алынғаны туралы анықтама
— туристерді жайғастыру, олардың керек жарақтары мен көліктерінің тұрақжайлары секілді материалдық техникалық база заңды тұлғаның өз меншігінде ме, әлде оны жалға алу арқылы қызмет көрсетеді ме, соны айғақтайтын құжат.
-қызметкерлердің білімі мен еңбек өтілі туралы тізім
-туристік қызмет көрсету барысында азаматтық-құқықтық жауапкершілік жөніндегі сақтандыру келісімшартының көшірмесі.
-тасымалдаушылармен арадағы келісімның көшірмесі.
-туристік жолдама және саяхатшылар үшін жасалған жадынаманың көшірмесі.
-саяхаттау және жол көрсетуші қызметін көрсететін туристік мекемемен арадағы келісімшарттың көшірмесі. Экскурсия жетекшісі мен гид аудармашының қандай оқу орнын тәмамдағаны және олардың психикалық жағдайы туралы медициналық анықтама
-жарнамалық-ақапарат материалдары /буклет, видеоматериалдар, журнал, карта және сызбалар/
-туристік бағыттардың реестрі
-туристік қызмет көрсету бағдарламасы
-«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет көрсету туралы» Заңының 17-бабы талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсету туралы келісімнің үлгісі.
-туристердің саяхаттап бара жатқан шет мемлекеттері туралы ақпараттар.
Туристік агенттік қызметіне берілетін лицензияны алуға қажетті құжаттар тізбесі: -бекітілген үлгідегі өтініш
-лицензиялық алымдарды төлегенін растайтын құжат
-жарғының, заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу куәлігінің, егер жеке тұлға болса жеке кәсіпкер ретінде тіркеу куәлігі немесе патенттің көшірмесі.
-ғимараттың жекеменшікте екенін яки жалға алынғанын растайтын құжат.
— туристерді жайғастыру, олардың керек жарақтары мен көліктерінің тұрақжайлары секілді материалдық техникалық база заңды тұлғаның өз меншігінде ме, әлде оны жалға алу арқылы қызмет көрсетеді ме, соны айғақтайтын құжат.
-қызметкерлердің білімі мен еңбек өтілі жазылған тізім.
-туристік қызмет көрсету келісімі негізінде азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы сақтандыру келісімінің көшірмесі
-жүк тасымалдаушылармен арада жасалған келісім.
-туристік жолдама және саяхатшы жадынамасының көшірмесі.
—«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет көрсету туралы» Заңының 17-бабы талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсету туралы келісімнің үлгісі.
-туристердің саяхаттап бара жатқан шет мемлекеттері туралы ақпараттар. Туристік нұсқаушы қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензия алу-бекітілген үлгідегі өтініш.
— лицензия алымдарын төлегенін растайтын анықтама.
-туристік бағыттарды жүріп өту тәжірибесі мен біліктілігі, кәсіби шеберлігін айғақтайтын құжат.
-туристік бағыттар толық көрсетілген карта-сызба
-психикалық ахуалы туралы медициналық анықтама.

tom: 10pt;» class=»MsoNormal»>                                   «Қызмет-Ақпарат»

tom: 10pt;» class=»MsoNormal»>{jcomments on}

tom: 10pt;» class=»MsoNormal»>

Яндекс.Метрика