2024-07-27

Асыл мұрат туралы

Адамзаттың ғұмырындағы ең басты проблема бұл — адамдар өзіне шын мәнінде не керек екенін білмейді. Дені сау, күш-қуаты тасып тұр, соған қарамастан ұйқылы-ояу сенделіп жүреді, не анда жоқ не мұнда жоқ, неге? Мұндай адамдарды қайсымызды алмайық кездестіргенбіз және қайсыбіріміздің отбасымызда жүруі де әбден мүмкін. Ұйқылы-ояу дегенде нені айтпақ болып отырмыз, үнемі іші пысып жүретіндерді, бір орында жарты сағаттан артық тұра алмайтындарды, бір мезетте бір емес бірнеше жұмыстың басын ұстайтындарды немесе керісінше, істеп жүрген жұмысын «жақтырмайтындарды». Олар үшін орта деген болмайды,я бар қылады немесе бәрін құрдымға кетіреді, тез пайда таба қалуды ойлайды да, күмәнді ойындарға, жұмыстарға араласып кете береді.
Негізінде адам ақыл-ой иесі болғандықтан, өмірде өзінің көңілі ауған жұмыспен айналысуы керек. Алдыңғы орынға сана шығады да істелінетін іс ақыл-естің аясында жүзеге асады. Ол адам осы бір тар коридордың шегінен шықпайды,тіпті өзіне «сығалауға» да рұқсат етпейді.
«О! Жұмысқа!». «О! Жұмыс!». «О! Жұмыс күні бітіп қапты ғой!». «О! Дүкенге кіру керек!». «О! Сыра!». «О! Чипсы!». «О! Телевизор!». «О! Сериал!» «О! Өмірде жолым болды!»
Сонда не болды, құштарлық жоқ, күнделікті күйбең тіршілік дегіңіз келіп тұр ма, келісемін.Құштарлықтың құдіреті бұл жерде сана, ақыл-естің тасасында тұр. Ол біздің қажеттілігіміз, нені жан-тәнімізбен қалаймыз, соған байланысты.Осы орайда неге мына әлемді өзін таппаған, өзін барлық жағынан көрсете алмаған адамдар көп деген сұрақ туады, заңды. Себебі, бірде-бір оқу жүйесі бізге өзіндік қалауымыз және мүддемізбен қалай жұмыс істеу керектігін оқытпайды және оны анықтауға құлықты емес. Өзіндік қалау мен мүдде адам біткеннің бәрінде бар,құштарлықтың күші сонда жатыр. 
Өзіндік қалау өте тереңде болатындықтан кейде адамның өзі соны таба алмайды. Ол туралы қалай білуге болады? Өзіңізге мынадай ғажайып сұрақ қойып көріңізші?! «Маған оның керегі не?» «Маған ол не береді? Бұл сұрақ сіздің сан қатпарлы болмысыңыздың әр қатпарын бірінен кейін бірін ашады және қарапайым қалаудан басталған жандүниеңізге жасаған өзіндік зерттеуіңіз ең тереңдегі маңыздысының өзін ашады.Бізге жұмыс барысында мынадай сұрақтар қоюға тура келеді.
«Саған тренингтің керегі не?» 
– «Тартыншақтықтан құтылғым келеді».
«Құтылдың дейік, бұл саған не береді?»
 – «Өз ісімді ашу үшін батыл қимылдауым керек емес пе?!».
«Өз ісің не үшін керек?» — 
«Көп ақша тапқым келеді!».
«Не үшін?» —
 «Тәуелсіз, еркін болғанды қалаймын!».
«Оның сен үшін маңызы қандай?»
— «Балалардың жан-жақты дамуына бағытталған орталықтар ашқым келеді, қайырымдылық, меценаттықпен айналысқым, ел,жер көргім келеді!».
«Бұл саған не береді?» 
— «Мына әлемді нұрландыра, жақсарта түсетін өзіндік қолтаңбам,ізімді қалдырғым келеді!».
«Мұның саған керегі не?» —
«Өзімді, қолымнан не келетінін бар жағынан барынша сынап көргім келеді! Кімнің атақты болғысы келмейді! Маған бәрі «сен кім бопсың» қолыңнан ештеме келмейді,-дейді, өзімнің кім екенімді көрсетуім керек!».
«Бұл соншалық маңызды ма?» – 
«Әрине! Өте!!!».
Сіздің қалауыңыз не? Бұл сұраққа жауап алудың бір техникасы осындай. Кейбіріміздің шаршау дегенді білмей, ешкімнің қинауынсыз 15-17 сағат жұмыс істеуіміздің үлкен бір себебі, сыры осында жатыр.Мұндай жағдайда қорқыныш та, күдік те жоқ!
Сіздің өміріңіз мағыналы, құштарлыққа толы ма? Жоқ адам жалығатындай ма? Әлде күнкөріс үшін ғана жұмыс істеп жүрсіз бе? Сіз нені қалайсыз, бұл туралы өзіңіз білесіз бе? Қалауыңыз сізді үздіксіз ізденуге,тынымсыз әрекеттенуге итермеледі ме? Ондай өмірдің сізге керегі не? Қалауыңыз орындалды делік, ары қарайғы мақсатыңыз не болмақ? Ол мақсатыңыз сізге не береді? Ол сіздің алдыңыздан қандай мүмкіндіктер ашады? Оның саған керегі не? Сен өзіңнің мына өмірге не үшін келгеніңді, ең басты қалауыңды, қажеттілігіңді білесің бе? 
Яндекс.Метрика