Сәлеметсіздер ме? Менің өмірім адам қызығатындай емес. Досым да, дос қыздарым да жоқ, туыстарыммен де ара-қатынасым онша емеспін. Өзім туралы айтсам… жасым 21-де. Анаммен бірге тұрамын. Студентпін, жоғары оқу орнында оқимын, бірақ оқып жатқан мамандығым маған керек бола қояды деп ойламаймын, жұмыста істеймін, ақша табу үшін. Білесіз бе, мен үшін оқи жүріп жұмыс істеу өте қиын, оның үстіне жаныңда ішіңдегіні айтатын,көңіл көтеретін, бірге қыдыратын ешкім жоқ. Жағдайым осы, қалай өмір сүруге болады?
М.Т.: Мен сізді қуантқалы отырмын, өзімде қуанып отырмын. Неге дейсіз бе, сіз өзіңіздің проблемаларыңызды білесіз және солай екенін мойындайсыз, бұл жақсы жаққа қарай өзгерудің, өміріңізді жақсы жағына қарай өзгертудің өте бір жақсы белгісі. Мұндай жағдай жастардың арасында кездесіп жатады. Сізге мынаны айтар едім. Жағымсыз сезімдеріңізді эмоционалдық деңгейде реттеуді үйрену керек. Жағымды сезімдер мен жағымсыз сезімдерді тең ұстаңыз. Меніңше, сіз мына хатты өте жағымсыз көңіл-күйде отырып жазғансыз. Адам болған соң сіздің өміріңізде қуанышты сәттердің болатынына мен сенімдімін. Осы екітүрлі сезімді тең ұстауға тырысыңыз, біріне қарай ауып кетпеңіз. Ең алдымен негізгі өмірлік мақсатыңызды айқындап алыңыз, қалғанының бәрін кейінге қалдырыңыз да, негізгіге күш салыңыз, оны қалай жүзеге асыруға болады, жоспарын жасаңыз, істейтін әрекеттеріңізді айқындаңыз, мен сізге іске сәт деймін. Айналаңызға жақсылап қараңызшы, бәрі соншалық сіз ойлағандай сұрқай емес.
Leave a Reply