Арқа сүйеуге, сенуге болмайтын адамдармен қалай өмір сүруге болады?

*Барлық уақытты нақты айтыңыз

Егер өзіңіздің  «еркелігі» көп досыңыздың кемшілігімен шын мәнінде күрескіңіз келсе, сіздің қаруыңыз «Не деген, масқара!» емес, нақтылық болу керек. Жай ғана: «Егер сен кір киімдеріңді жексенбі күні өзің жуып қойсаң жақсы болар еді», немесе «Мына, қағаздарыңды бүгін реттеп кетсең, ертең аулыңа ертемен шығып кетіп, әке-шешеңді қуантар едің» десеңіз, оң нәтижеге жақындай түсессіз.

*Әдеттеріңізді өзгертіңіз.

Бұл өмір соның ішінде қарым-қатынас- әткеншек сияқты.Жауапсыздар көбінен өте тиянақты, пысық қыздарға үйленеді, (немесе керісінше)баста арадағы сүйіспеншілік ұстап тұрады, кейін арақатынас суый бастайды.  Айтқаны болмайды, қойғанын ұмытады, бәрі күніге ертеңге қалады, мұнымен қанша күрессеңде ештеме шықпайды. Егер баста кір киімді үнемі әр жерден тауып алып жуатын болсаңыз бұл бірте-бірте сіздің міндетіңізге айналады. Жұмыста да солай, баста бір рет көмектескен болдыңыз, осылай кете береді. Сіз әдетіңізді өзгертіңіз. «Мінез» көрсетіп бәрін өзіне жүктеңіз. Не болады екен? Амалсыз істейді, шала істейді, сізге сабыр керек, соңына дейін күтіңіз, қайран жоғын білген соң  өзі амалсыз бейімделе бастайды.

*Мақтап қойыңыз. 

Біреудің мінезін өзгерту үшін керек нәрсе бұл орайы келген сәтте оның жетістігін айтып мақтап қою.Жақсы сөз оның  алған бағытында жеңіске жетуіне  жақсы әсер етеді, жақсы жаққа өзгеруіне керемет алғышарт болады.

*Таңдай білуге ұмтылыңыз.

Біздің әрқайсымыз түрлі мінездің жиынтығымыз, біреуіміз  жағымды,  біреуіміз жағымсыз қасиеттердің.Отбасы құруда сіздің жолдасыңыздың қамсыздығы мен тірлігінің түсініксіздігі бір кездері сізді қызықтырған болуы да мүмкін, бірақ нәтижесін ойламадыңыз. Өзіңізден тағы бір рет сұрап көріңіз, оның дәл осы қалпында сіздің жаныңызда жүргені  керек пе, жоқ па? Ал, басшы болсаңыз сізге  айтқанының жүзден бірін ғана орындайтын, ойына келгенді істейтін жауапсыз қызметкер керек пе, жоқ па?{jcomments on}

http://kyzmet-gazeti.kz/


  • Related Posts

    ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ

    Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл…

    Қалалықтардың құқықтық сауаттылығын көтеру жолы талқыланды

    Шымкенттегі  А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында «Адам саудасы және оның алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты — адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика