tories/ea881bfc5d60335f4c8b756f3518a6c5.jpg» width=»250″ height=»209″ alt=»ea881bfc5d60335f4c8b756f3518a6c5″ style=»float: right;» />
Жетістік — бір мақсатқа жетудегі сәттілік. Бұл сіздің жұмыстағы нәтижеңізді қоршаған ортаның мойындауы. Әр кәсіпкер жұмыста жетістікке талпынады. Жетістік кәсіпте төмендегілердің арқасында жетеді:
· Қателіктен қорықпай белсенді іздеу, көптеген варианттарды қарау;
· Дұрыс нұсқаны таңдай білу;
· Өз білімін, біліктілігін, мінезін, дағдысын қолдана білу;
· Үлкен мотвация, қойылған мақсатына жетуге деген ынта.
Әрине жетістік үшін ең маңыздысы – өзіндік уәждеме. Бұл мақсатқа жету жолындағы ішкі күш.
Кәсіпкерлік уәждемесі оның өзіне байланысты. Әрқашанда белсенділікті сақтау, ертеңгі күнді көре білуі, және ертенгі күн үшін бүгін не істеу керек екенін білу — өте үлкен өнер. Сіздің белсенділігіңіз сіздің жұмысыңызға үлкен әсерін тигізеді. Көңілді және сергек болыңыз. Позитивтік күй – жетістік кепілі.
Әзіл сіздің басты жолдасыңыз болуы тиіс. Егерде сізде күлімсіреу, күлкі немесе әзіл болса, онда кез келген келіссөз немесе сатылулар сәтті болады. Бірақ есте сақтаңыз сіз күлкі болмауыңыз тиіс, сіз көңілді жеңіл болуыңыз тиіс.
Тағы да есте сақтайтын бір жайт, жетістікке жету сізге ғана байланысты емес, сонымен қатар сіздің қоршаған ортаңызға, отбасының қолдауына және жақындарыңыз бен достарыңызға да байланысты. Кәсіпкерлікте отбасындағы жеткіліктілік пен саулық басты бағыттардың бірі.
Кәсіпкерлік табыс — бұл кірістің ең ерекше түрі, бұл іскерліліктің сыйақысы, кәсіптегі белсенділік, жаңа ойлар, коммерциялық табыс алып келетін техникалық жаңарулар.
Пайда табу үшін кәсіпкер өз ақшасын тәуекелге тігіп, өндіріске немесе қызмет көрсетуге қажет құрал жабдық сатып алады және адамдарды жалға алады. Табыс адамдарды белсенді болуға талпындырады.
Пайда — бұл кәсіпкерлікпен айналысуға итермелейтін жалғыз себеп. Себептерге: қалау, тәуелсіздік алу, сүйікті іспен айналысу және одан да басқа себептер болуы мүмкін.
Leave a Reply