tories/kotenok-i-shenok.jpg» width=»270″ height=»175″ alt=»kotenok-i-shenok» style=»float: right;» />
2013 жылы Қазақстан Республикасында адамдар арасында өліммен аяқталған құтырудың 6 жағдайы тіркелді.
Біздің облыста өткен жылы 19775 адам жануарлардан жарақат алып медициналық көмекке қаралып, барлығына құтыруға қарсы егу тағайындалып егілген.
Құтыру ауруы аса қауіпті, жұқпалы аурулар қатарына жатады. Құтыру ауруының вирусы орталық жүйке жүйесін зақымдай отырып өлімге алып келеді. Ауру қоздырғышының негізгі тасмалдаушы көзі қасқыр, түлкі, шиебөрі және басқа да жабайы аңдар болып табылады.
Құтыруды жұқтыру қалай өтеді?
Құтыру ауруының вирусы иесіз қаңғыбас ит, мысықтарға жабайы аңдармен таласқанда жұғады. Ал адамдарға ауру жануарлар тістегенде, тырнағанда және сілекейленгенде жұғады.
Құтырудың алдын алу шаралары?
Құтыру ауруының емі жоқ алайда алдын алуға болады. Құтырудың алдын алу мақсатында жануар тістегенінен, тырнағанынан және сілекейінен залал тартқан адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша травматологиялық пункттерге медициналық көмекке қаралуы керек. Тістеген жарақатты таза сумен және сабынмен жуу керек, жарақат маңын йод тұндырмасымен залалсыздандырып, антирабикалық егу алу тиіс. Әрбір адам өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі құтыруға қарсы екпе комплексін өткізу екенін білу қажет. Медициналық тәжірибеде іс жүзінде асқынуды туғызбайтын және жоғары дәрежелі иммунитетті қалыптастыратын құтыруға қарсы вакцина қолданылады. Құтыруға қарсы вакцина Біріккен Денсаулық Сақтау Ұйымы куәландырылған және екпе тегін егіледі. Құтыруға қарсы егу алғанда және егу курсының аяқталуынан кейін кем дегенде 6 ай бойы алкоголь қолдануға, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты суықтауға болмайды. Бұл ережелерді сақтамау иммунды жүйенің қызметін бұзады, бұл құтырудың дамуына және өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Егерде белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз өлтіруге асықпай мал дәрігеріне көрсетіңіз, мал дәрігер 10 күндік бақылауда ұстайды, осы аралықта 3 рет егу тағайындалады. Ал егерде жарақаттаған ит, мысық қашып кетсе немесе өліп қалған жағдайда 6 рет егу тағайындалады. Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарлардан балаларды аулақ, оқшаулап ұстап, дер кезінде мал дәрігерін шақыру керек. Ит, мысық асырайтын болсаңыз, мал дәрігеріне көрсетіп, кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріп тұруларыңыз керек.
Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екендігін ескертемін!
Т. АРЫМБАЕВ,
ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы.
Leave a Reply