Жалпы бұл елімізде теңдесі жоқ бірегей жоба. Қазыналы қарттарға арналаған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ең алдымен Шымкент қаласында ашылған. Ал қазірде тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанның 7 өңірінде жұмыс істеп жатыр. Ұлт саулығын арттыруға барынша көңіл бөлуге Президент тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы жергілікті жерде орындалып жатқанының бір көрінісі осы. Мамандардың сөзінше бұл, мегаполистегі 83 мыңнан астам қариялар үшін жасалған жағдай.
Балмаржан Нарбекова, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: «Бұл қарияларымыздың бейнетінің, зейнетін көретін уақытында өздерінің замандастарымен, құрдастарымен уақыт уақыт өткізеді. Екіншіден бұл жерде дәрігерлік тексеру бар. Белсенді өмір сүру орталығы өзінің кезегімен халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыру арқылы кезек-кезегімен қамтылуда. Бір келген азамат, 3 ай қызмет ала алады. Құжаттарын өткізеді, кезек-кезегімен ол кісілерді шақыртып қай филиалға баратынын айтып, жаңағыдай өзінің үйіне жақын жерге жайғастыруға тырысады».