ШЫМКЕНТ: «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР КӨП БОЛДЫ

ҚР Бас Прокурорының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде «Заң керуені» акциясы өтіп жатыр.  Шымкентте республикалық акция аясында қалалық көшпелі топ Абай ауданында өз жұмысын белсене басталды.
Топ құрамы Абай ауданына қарасты Жанаталап, Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ елді мекендерінде Шымкент қалалық прокуратурасының құзырлы органдарымен бірлесіп, кездесу өткізді.
Жалпы, бұл акция халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуды мақсат еткен.
Халықпен тікелей кездесуде , қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтармен бетпе-бет отырып, тыңдауда. Сонымен қатар кейбір тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңес берілді.
Шымкент қаласында ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен өтіп жатқан «Заң керуені» акциясына қала әкімі Мұрат Әйтенов те атсалысты.  Қала азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында Шымкент қаласының прокуроры, қалалық полиция департаментінің бастығы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімдігінің салалық басқармаларының басшылары да азаматтардың талап-тіліктері мен арыздарын тыңдады.
–Бұл еліміздің Бас прокуратурасының бастамасымен өтіп жатқан акция. Ол жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында өткізілуде. Әрине, Шымкент қаласының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы бар және онда кезекші прокурорлар азаматтарды кез келген уақытта қабылдайды. Дегенмен, біз азаматтарға өз аяғымызбен барып, шалғай елді мекендерде тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап жатырмыз, – деді Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат.
Оның айтуынша, «Заң керуені» акциясы қарашаның 1-4 күндері аралығында өтеді. Акцияның алғашқы күнінде Шымкент қаласында 500 адам өздерінің сұрақтары мен арыздарын айтқан. Акцияға келген тұрғындардың басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерді қозғаған

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика