«Сақтансаң, сақтайды» деген ережені ұмытпайық…

Жылу беру маусымындағы қауіп-қатер екі есе өседі. Тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы, тұрмыстық электр техникасы мен электр сымдарын пайдалану қауіпсіздігінің бұзылуы, пеш мұржаларының ақаулығы, балалардың отпен ойнауы секілді салғырттықтар – өрттің басты себептері.

Сондай-ақ, кейде адамдардың мас күйінде темекі шегуінен де от тұтанады. Статистикалық мәлімет бойынша, әр 3 өрттің бірі пештің ақауынан шығады. Ал төтенше жағдайдың салдары адамдардың денсаулығы мен өміріне орны толмас зиян, материалдық шығын әкеледі.

Ал, улы газ – қыста, жылыту маусымында «бас көтеретін» дұшпан. Көмірқышқыл газы, ғылыми тілмен айтқанда, CO – түссіз, иіссіз улы газ. Сонысымен де аса қауіпті. Алғашында сезілмейді. Улы  газ оттың шала жануынан шығады, яғни, жану кезінде ауа жеткіліксіз болған жағдайда жану салдарынан тарайды. Адам ағзасына өте қауіпті. Бұл  газбен уланудың алғашқы белгісі – бас ауырады және айналады, одан кейін адам есінен танады. Улы газ шыққан жағдайда ашық отты пайдаланбаңыз, жарықты, электр құралдарын қоспаңыз және сөндірмеңіз, газ беруді тоқтатуға тырысыңыз, егер мүмкін болса, үй-жайды желдетіп, өрт сөндірушілерді шақырыңыз. Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді және көршілеріңізді жарылыс пен өрттің туындауынан сақтайсыз!

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында өрт сөндіруші-құтқарушылар ер күзден бастап-ақ рейдттің жұмыстарға крісіп кетеді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, жадынама таратады.

Бұл жолы да Шымкент қаласындағы № 5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тұрғындардың арасында осындай ескерту шараларын жүргізді. Қауіпсіздік сақтау-өміріңіздің кепілі екенін қайта-қайта еске салып, сіздердің бас амандықтарыңызды ойлап жүрген өрт сөндіруші-құтқарушылардың ескертпелерін еске сақтап, жадынамаларына назар аударуылаңызды сұранамыз!
«… сақтансаң, сақтайды» деген ережені ұмытпайық.

Әсіресе жылыту маусымындағы қауіпсіздік мына ережелерді мықтап есте сақтайық:

  • Газ плитасының жанында тез тұтанатын заттар тұрмауы тиіс;
  • Жанып тұрған жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
  • Газ плитасын бөлмені жылыту үшін пайдаланбаңыз;
  • Жылыту құралдарын қолдану кезінде бүлінген электр сымын қолдануға болмайды;
  • Үйден шығарда барлық электр жылытқыш құралдарды өшіруді ұмытпаңыз;
  • Пеш түтігінен жиһаз, төсекке және басқа жанғыш құралдарға дейінгі қашықтық 1,25 метрден кем болмауы тиіс;
  • Жылыту маусымының басталуына дейін және жылу беру маусымы кезінде үш айда бір рет мұржаны тазалау керек.

С. Ташимбаев

Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика