«Шымкенттің өңір медициналық туризміндегі орны жақсы қалыптасып келеді»

Т.Ахметов, Шымкент қалалық Туризм басқармасының басшысы:

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Қазақстан медициналық туризм бойынша жетекші еуразиялық орталыққа айналуы тиіс» деген еді. Бұл тұрғыда оңтүстіктің басты қаласы Шымкентте біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы, медтуризмдегі Шымкенттің потенциалы жарқын.

tories/20122019-12.jpg» border=»0″ />

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 2018 жылғы  қорытындысы бойынша медициналық туризмдегі оң өзгерістерді айрықша атап өтуге тұрарлық. Үшінші мегаполиске алыс және жақын шет ел азаматтары ағза мүшелеріне сапалы трансплантация операциясын жасату үшін арнайы келе бастады. Алғаш рет жоғары технологиялардың көмегімен №1 қалалық клиникалық аурухана базасында білікті хирургтардың жетекшілігімен 17 шетелдік азаматқа (Германия, Канада, Израиль, Румыния және т.б.) тірі донордан алынған бүйректі алмастыру оталары жасалған.

Жалпы алғанда, жыл басындағы дерек бойынша бүйрек алмастыруға қатысты 145, бауыр алмастыру бойынша 19 операция жасалынған. Сонымен қатар, Шымкент қаласының ауруханаларында 2017 жылы – 334, 2018 жылы 429 шет елдің азаматтары стационарлық ем қабылдаған.

Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы транспланталогиялық операцияларды жасайтын ауруханада науқастарға сапалы, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін заманауи медициналық  құралдармен жабдықталған. №1 қалалық клиникалық ауруханасында 7 блоктан тұратын ота жасау бөлімі мен бүйрек, бауыр алмастыратын гепатопанкреатобилиарлық хирургия бөлімі орналастырылған. Ал емделушілер үшін стационарда қосымша 45 төсек-орын қарастырылған. Күнделікті ауруханаға 200-250 науқас медициналық көмекке жүгінеді. Орта есеппен олардың 70-90 пайызы ауруханаға жатқызылады.

Емдеу мекемесі бойынша жыл сайын жүйелі түрде емдік іс-шаралардың инновациялық, жоғары технологиялық әдістері өндіріске ендірілуде. Яғни, Шымкенттің өңір медтуризміндегі орны жақсы қалыптасып келеді.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика